Байқаулар тізіміне қайту
15.01.2024-29.01.2024 | 28 қаралым

"Туған жерім - шағын Отаным" бейнероликтер байқауы

14-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында байқау жарияланады!
Байқау ережесі >

Байқау өткізу мерзімі: 15.01.2024 – 29.01.2024

«El Umiti» Премиясы жоба қатысушылары арасында бейнероликтер байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – «El Umiti» Премиясы жобасына қатысушы жастар арасынан белсенді өмірлік ұстанымы бар, креативті, көшбасшылық қасиеттері айқын жастар қауымдастығын қалыптастыру.

Қатысу шарттары:
Аталған мерзім ішінде қатысушы өз өңірінің көрікті жері туралы бейнеролик түсіріп, оны өзінің жеке Instagram парақшасында жариялауы тиіс.
Постқа #Елүміті_премиясы2024 хэштегін қойып, ұйымдастырушының парақшасын — @el_umiti.kz белгілейді.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

  • Ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек;
  • Формат еркін (интервью, репортаж, бейнеклип, reels және т.б.);
  • Тек фотосуреттерден тұратын бейнероликтер қабылданбайды;
  • Адамның ар-намысына тиетін немесе байқау тақырыбына сай келмейтін бейнероликтер қабылданбайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 15 қаңтар 2024 жыл.

Нәтижелерді жариялау күні: 1 ақпан 2024 жыл.
Нәтижелер https://premia.elumiti.kz/ сайтында және ұйымдастырушының Instagram парақшасында — @el_umiti.kz жарияланады.

Жауапты тұлғалар

Асем Усенова

+7(701)706-56-18