Байқаулар тізіміне қайту
16.04.2025-14.05.2025 | 19 қаралым

"Өзгеміз, бірақ біргеміз!" республикалық рэп байқауы!

14-18 лет жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында байқау жариялаймыз!
Байқау ережесі >

Байқау өткізу мерзімі: 16.04.2025 – 14.05.2025

«El Umiti» Премиясы Республикалық бейнероликтер байқауын жариялайды!

Байқаудың мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен достығын нығайтуға үлес қосу, жастарға өз ойы мен құндылықтарын, мәдени мұрасын рэп-импровизация арқылы еркін жеткізуге мүмкіндік беру.

Қатысу шарттары:
Көрсетілген мерзім ішінде қатысушы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған авторлық (өзіндік) рэп шығармасын жазып, сол туынды негізінде бейнеролик түсіруі қажет.
Дайын бейнероликті Instagram, YouTube немесе TikTok платформаларындағы жеке парақшасына #Елүміті_премиясы2025 хэштегімен жариялап, ұйымдастырушының парақшасын — @el_umiti.kz белгілеуі тиіс.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

  • Жеке қатысу (топтық қатысуға рұқсат етілмейді);
  • Орындау кезінде музыкалық сүйемелдеу қолдануға болады (домбыра, фортепиано, аккордеон, гитара және т.б.) немесе фонограмма пайдалану рұқсат етіледі;
  • Ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;
  • Қатысушының бейнероликке тікелей қатысу үлесі кемінде 80% болуы керек, закадрлық дауыс минималды қолданылуы тиіс; бейнеролик тек фотосуреттерден тұрмауы қажет;
  • Дыбысы таза, бейнесі айқын сапалы болуы қажет;
  • Креативтілік құпталады — бейнеролик арқылы түрліліктің бірлігін, музыканың және сөздің адамдарды біріктіретінін көрсету маңызды.

Қатысу үшін өтінімді https://contests.elumiti.kz сайтында толтырып жіберу қажет.

Байқау нәтижелері 2025 жылдың 16 мамырында https://elumiti.kz/ сайтында және ұйымдастырушының Instagram парақшасында — @el_umiti.kz жарияланады.

Жауапты тұлғалар

Наркес Токышева

+7(706)410-25-65