Байқаулар тізіміне қайту
23.12.2024-23.01.2025 | 21 қаралым

"Абай мұрасы - ұрпаққа аманат" Республикалық бейнероликтер байқауы

14-18 лет жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында байқау жариялаймыз!
Байқау ережесі >

Байқау өткізу мерзімі: 23.12.2024 – 23.01.2025

«El Umiti» Премиясы Республикалық бейнероликтер байқауын жариялайды!

Байқаудың мақсаты – жастар арасында Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, қазақ халқының әдеби мұрасына қызығушылықты арттыру, қатысушылардың оқу мәдениеті мен шешендік өнер деңгейін көтеру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды нығайту.

Қатысу шарттары:
Көрсетілген мерзім ішінде қатысушылар төмендегі талаптарды орындауы қажет:

  • Абай Құнанбайұлының кез келген шығармасынан (өлең, проза үзіндісі немесе «Қара сөздерден») бір туындыны таңдап, оны жатқа оқу;
  • Қатысушы бейнероликте шығарманы мәнерлеп, эмоциямен және дұрыс интонациямен оқу керек;
  • Видеожазба келесі талаптарға сай болуы тиіс:
  • Дыбысы анық, бейнесі сапалы болуы қажет;
  • Ұзақтығы 1–3 минуттан аспауы тиіс;
  • Видео кем дегенде 3 метр қашықтықтан түсірілуі қажет;
  • Креативтілік құпталады — ерекше идея, монтаж және орындау тәсілдері жоғары бағаланады;
  • Видеороликті Instagram, YouTube немесе TikTok платформаларындағы жеке парақшаға #Елүміті_премиясы2025 хэштегімен жариялау қажет.

Қатысу үшін өтінімді (қосымшаға сәйкес) және бейнероликке сілтемені contest@el-umiti.kz электрондық поштасына жолдау қажет.

Байқау тақырыбына сай келмейтін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін бейнероликтер қабылданбайды.

Байқау нәтижелері 2025 жылдың 28 қаңтарында https://elumiti.kz/ сайтында және ұйымдастырушының Instagram парақшасында — @el_umiti.kz жарияланады.

Жауапты тұлғалар

Наркес Токышева

+7(706)410-25-65